Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: Видеодан скринделген
Кадрларда баланың бір топ жасөспірімнің жанында тұрғаны көрінеді. Бір сәтте ол қашуға әрекеттенгенімен, ересек балалардың бірі оны қуып жетіп, бірнеше рет ұрып, кейін көтеріп алып жерге лақтырады.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін оқиғаға қатысты Жамбыл облысы полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
Атырауда пәтерлердің бірінде студент қызды аяусыз соққыға жыққан
Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталған. Олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Алматыда әйел автобус ішінде жасөспірімді аяусыз соққыға жықты
Зардап шеккен бала дәрігерлердің қарауынан өтіп, қажетті медициналық көмек алғаннан кейін үйіне жіберілген.
«Құқыққа қайшы әрекет жасаған жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, жасөспірімге қатысты материалдар Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Комиссия оның әрекетіне қатысты профилактикалық ықпал ету шараларын қабылдайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қатарласын аяусыз соққыға жығып, оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялаған бір топ оқушы қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.