Таразда жер сілкінді

04.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik.Таразда таңға жақын жер сілкінді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісін ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде сағат 04:40-та тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Тараз қаласында жер асты дүмпуі 2 балл шамасында сезілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью