Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Сот тіркелмеген медициналық бұйымдарды сақтағаны үшін Тараздағы медициналық орталыққа айыппұл салды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден және сапаны бағалаудан өтпеген 6 медициналық бұйым медициналық орталығында жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған. Тамшылар мен венаға инъекцияға арналған жабдықтар Үндістан мен Германия өнімі екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Медициналық нысанның директоры бұл заң бұзушылықты толық мойындап, өкініш білдіріп, бұйымдарды басқа дәріханада сатып алғанын түсіндірді.
Еске салайық, заңға қайшы мұндай әрекет үшін қызметті тоқтата тұрып, заттарды тәркілей отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Сот қаулысымен медициналық нысанға 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Медициналық бұйымдар тәркіленді және процедуралық кабинеттің қызметі 10 тәулікке тоқтатылады.
Қаулы заңды күшіне енді.