Тараздағы қант зауыты қайта жаңғыртудан кейін қызылша қабылдай бастады

30.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңғыртудан өткен Тараз қаласындағы қант зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Тараз қант зауытының өндірістік қызметін қайта жандандыру мақсатында 2025 жылдан бастап жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

"Жобаның жалпы құны – 12,4 млрд теңге. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына шамамен 250 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы болады. Ал тәулігіне өндірістік қуаты 3 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жетеді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта негізгі өндірістік нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралардың басым бөлігі аяқталған. Қант қызылшасын қабылдау, жуу, өңдеу, шырынды тазарту, сүзу, буландыру, кристалдандыру және центрифугалау желілеріне арналған негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары атқарылып жатыр.

Бүгінде зауытты іске қосуға дайындық деңгейі 95 пайызды құрайды. Жұмыстарды жеделдету үшін 10 мердігер ұйым екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Шикізатты қабылдау жұмыстары 25 қазаннан бастап бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта тәулігіне 1 000 тонна шикізат қабылданып, қараша айында бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Тараз қант зауытын жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, кәсіпорынды іске қосуға қажетті шараларды жеделдету тапсырылды. Аудан әкімдіктеріне егін жинау науқанын уақытылы аяқтау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ысырабына жол бермеу, жиналған өнімді сақтау және өткізу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью