Тараздық оқушының ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте анықтау жобасы АҚШ та жүлде алды

17.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Тараз қаласының 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай АҚШ-та Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінің арнайы жүлделерімен марапатталды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол "Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты түрде анықтау жүйесі" атты ғылыми жобасымен MAWHIBA Foundation қорының 400 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығын және Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім грантын иеленді.

"Жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қатерлі ісіктерді ерте әрі дәл анықтауға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты. Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью