Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Видеодан алынған кадр
Тарбағатай паркінде Түркістан сілеусінін қорғау және оның табиғи мекенін сақтау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.
Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен
«Ұлттық парктің орманды-таулы алқаптары мен жартасты шатқалдары бұл аңның тіршілік етуіне қолайлы мекен саналады. Сақ әрі жасырын тіршілік ететін сілеусін адамдардың көзіне өте сирек түседі. Сол себепті әрбір бейнематериал оның таралу аймағын, мінез-құлқын және санын бақылауға мүмкіндік беретін құнды ғылыми ақпарат болып саналады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Түркістан сілеусіні – кәдімгі сілеусіннің Орталық Азияда таралған түрі. Қазақстанда өте сирек кездесетіндіктен, Қызыл кітапқа енгізілген.
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті