Тарифтердің өсуіне жарияланған мораторий аяқталады: коммуналдық қызметтердің жағдайы не болмақ, үкімет жауап берді

31.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

1 сәуірде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады. Осыдан кейін тарифтер қайта қарала бастауы мүмкін, алайда үкімет бұл процестің кезең-кезеңімен және ұстамды түрде жүргізілетінін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 сәуірде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады. Осыдан кейін тарифтер қайта қарала бастауы мүмкін, алайда үкімет бұл процестің кезең-кезеңімен және ұстамды түрде жүргізілетінін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тарифтер қалай өзгереді?

Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) баға күрт өспейтінін түсіндірді. Тарифтерді жағдайға байланысты біртіндеп және таңдамалы түрде түзету жоспарланған.

Негізгі логика - халыққа түсетін салмақты аурлатпай, коммуналдық инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету.

"Тарифтік саясат ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімді жұмысын, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуді, инфрақұрылымның тозуын азайтуды және апаттардың алдын алуды көздейді", - деп сендірді ТМРК өкілдері.

Сондықтан өзгерістер енгізілетін болса, олар тек нақты есептеулер негізінде, таңдаулы түрде жүзеге асырылады деп уәде етілді.

Электр энергиясы мен отын мәселесі

Энергетика министрлігі электр энергиясына қатысты жағдайды жеке нақтылады: 1 сәуірден бастап тарифтер өзгермейді.

"Электр энергиясына шекті тарифтер 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2025 жылғы деңгейде өзгеріссіз сақталады".

Ведомство бұл деңгейлер 2025 жылдың желтоқсанында-ақ 2032 жылға дейін бекітілгенін еске салды.

Отын бағасы нарық арқылы қалыптасады. Сонымен қатар министрлік бағаның күрт және негізсіз өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, отын тапшылығы жоқ, қорлар жеткілікті.

"Өңірлерде мониторинг жүргізетін жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Олар кез келген ауытқуларға жедел әрекет ету және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағаны, отынның қорын және жеткізу логистикасын күн сайын қадағалап отырады".

Мән-жай

Тарифтерді көтеруге мораторий 2025 жылғы қазанда баға өсімін тежеу мақсатында дағдарысқа қарсы шара ретінде енгізілген болатын. 1 сәуірде оның мерзімі аяқталады.

Бұдан кейін тарифтер коммуналдық кәсіпорындардың өтінімдеріне, инфрақұрылымның жай-күйіне және өңірлердегі жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров тарифтерді тежеу экономиканың дамуын тежеуі мүмкін екенін, бірақ бұл ретте халықтың жағдайын ескеру маңызды екенін атап өткен болатын.

"Екінші жағынан, бізде 1 миллионнан астам адамның материалдық жағдайы өте төмен екенін түсінуіміз керек"

Сондықтан экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқаты арасында тепе-теңдік табу қажет, деп толықтырды ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью