Тарихи деректерді цифрландыру: оқушылар инновациялық шешім ұсынды

11.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, іс-шараға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық команда мен 1500-ден астам оқушы қатысты. Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша ұйымдастырылды: FIRST LEGO League Discover, FIRST LEGO League Explore, FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge.

2025-2026 оқу маусымының тақырыбы — археология. Маусым аясында қатысушылар адамзат тарихын зерделеу, мәдени мұраны сақтау және өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеуге бағытталған жобалар әзірледі.

Командалар археологиялық зерттеулерге қатысты өзекті мәселелерді талдап, роботтар көмегімен инженерлік тапсырмаларды орындады, сондай-ақ тарихи деректерді цифрландыру мен сақтау бойынша инновациялық шешімдер ұсынды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 29 үздік команда халықаралық деңгейдегі келесі кезеңдерге — Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды.

Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.

Айта кетейік, Павлодарда «Жас дарын» мектебінің оқушылары жетім балаларға сабақ үйретіп жүр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью