Тарихи кезеңмен тұспа тұс келген Наурыз

17.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан «Нау­рыз балы» өтті. Мере­келік іс-шараға Қа­зақстандағы дипло­матиялық корпус өкілдері, халық­аралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатыс­ты.

Бал Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен 2024 жылы бекітілген «Наурыз­нама» онкүн­дігі аясында Мәдениет және ұлт­тық салт-дәстүр күніне орай ұйым­дастырылды.

Іс-шарада мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүріне, қазіргі қоғамдық дамуына ерекше назар аударылды. Дипломаттар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шара табиғат жаңарып, молшылық артатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мән-мағынасын терең түсінуге сеп болды. Қонақтар арқан тартыс, асық ату, басқа да ұлттық ойындарға қатысып, қазақ мәдениетін жақынырақ тани түсті.

Іс-шарада Премьер-ми­нистр­дің орынбасары – Мә­дениет және ақпарат министрі Аида Балаева биылғы Наурыз мере­кесі ел үшін маңызды кезең­мен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

«Биылғы Наурыз еліміз үшін маңызды тарихи кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Күні кеше өткен республикалық рефе­рендумда халқымыз жаңа Ата заң үшін таңдау жасап, ел дамуының жаңа бағы­тын айқындады. Халқымыз әділетті, прогрессивті, білім мен ғылымға, инновацияға негізделген болашақ үшін дауыс берді. Заң мен тәртіп сақталатын, баршаға тең мүм­кіндік беретін әділетті қоғам қалыптастыру жолында тарихи шешім қабылдадық. Референдумға белсенді қа­тыс­қан халық ел тағдырына бейжай қарамайтынын, ер­теңге деген жауапкершілікті терең сезінеті­нін көрсетті. Бұл – бірлігі бекем, болашағына сенімді қоғамның айқын көрінісі. Еліміз үшін уақыт талабына сай жасалған бұл тарихи қадам мемлекеттік жүйені институционалдық тұрғыдан жаңғыртуға жол ашады. Бұл – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы тағы бір маңызды белесі. Осылайша, Қазақстан жаңа дәуірге, жаңа кезеңге нық қадам басты. Бұл Наурыз мейрамының жаңару мен жаңғыруды білдіретін терең рәміздік мәнімен үндесіп жатыр», деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституцияда қоғам дамуының жаңа құндылықтары бекітілгенін атап өтті. Алғаш рет тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті ұлықтау мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.

«Ұлттық бірегейлікті сақ­тау, тарихи сабақтастықты үзбеу және мәдени кодты келер ұрпаққа аман жеткізу – конституциялық нормалардың түпкі мәні. Өйткені мәдени мұра – өткеннің естелігі ғана емес, елдің рухани тіре­гі, қоғамды біріктіретін құнды­лықтардың негізі.

Азаматтардың тарихи және мәдени мұраға қам­қор­лық жасау міндетінің бекі­тілуі де қоғам­ның мәдени жауапкершілігін кү­шейтеді. Сонымен қатар елі­міз­дің даму жолы «бірлік пен ынты­мақ, этносаралық және кон­фессияаралық татулық қағи­­даттарына сүйенетіні» Жаңа Кон­ституцияның преам­бу­ла­сында анық бекітілді. Бұл қағи­даттар Қазақстан қоға­мының басты тіректерінің бірі болып қала береді және көпэтносты, көп­конфессиялы еліміздің тұрақ­ты дамуының берік негізін қалып­тастырады.

Еліміз қай кезде де ха­лық­тар арасындағы достық пен өр­ке­ниеттер диалогін дамытуға ба­сымдық беріп келеді. Осы ретте достық пен татулықтың алтын көпіріне айналған дипломатиялық корпус өкілдеріне ерекше алғыс білдіргім келеді.

Қазақстанда қызмет ат­қарып жүрген шетелдік елшілер біздің мәдениетімізге, дәстүрімізге, тілі­мізге зор қызығушылық танытып қана қоймай, оларды халықара­лық аренада насихат­тау­ға да үлкен үлес қосып жүр. Сондықтан бірлігімізді бекем­деуде баршаңыздың еселі еңбек­теріңіз айрықша зор деп білемін», деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Іс-шарада Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Әлібек Бақаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Наурыз мереке­сінің мәдени дипломатия­дағы маңызды рөлін атап өтіп, бұл мейрам халықтарды жақындастырып, мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтатынын айтты. Әлібек Ба­қаевтың пікірінше, жаңару мен жасампаздықты білдіретін бұл мереке – халықаралық ынты­мақ­тас­тық пен тату­лықтың жарқын көрінісі.

Мерекелік бағдарлама аясында қонақтарға қазақ өне­рінің алтын қорынан музы­калық шығармалар шырқалып, халық ертегі­лерінің желісімен қойылым көрсетілді. Сонымен қатар киіз үй құру әдісі көрсе­тіліп, қазақтың ұлттық биін үйрететін шеберлік сабақтар өткізілді, қазақы дас­тарқан мен ұлттық тағамдар ұсы­нылды. Кеш соңында ұлттық аспаптарда түрлі музыкалық шығар­­малар орындалды.

Меркелік іс-шараға Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка елде­рінен 70-тен астам елші мен өкіл­дік басшысы, дипломат және халықаралық ұйым­дар­дың мү­шелері қатысты. Олар­дың қатарында БҰҰ жүйесі, ЮНИСЕФ, ДДҰ, Халық­аралық көші-қон ұйымы, ЕҚЫҰ және Дүние­жүзілік банк өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью