Тарихи мәдени ескерткіштерді сақтау құнтталды

27.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биылғы жыл тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында ауқымды өзгерістермен есте қалуы мүмкін. Мәселен, Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Салбурын», «Алпамыс батыр жыры», «Кесте-сюзанне», «Дәстүрлі киіз басу», «Тақия» аталымдарын ұсынды.

Мәдениет және ақпарат министр­лігінің айтуынша, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра ор­талығына Қазақстан тарапынан екі аталымға құжаттар жолданған. Атап айт­сақ, «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері» және «Ұлы Жібек жолы: Фер­ғана-Сырдария дәлізі» тран­сұлттық жобасы.

Сондай-ақ Түркістан қа­ла­сында өткен «Заман мен мәдениет диалогіндегі Ясауи мұрасы» атты халықаралық симпозиумына 15 елден жүзге жуық ғалым қатысқан еді. Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған форум қала мәртебесін Түркі әлемінің ғылыми орталығы ретінде нығайтты. Айта кетейік, қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ғылыми қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, елімізде алғаш рет Қарахан, Айша бибі, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне, көне Отырар қалашығында заманауи цифрлық жүйелер орнатылады. Яғни цифрландыру аясында электрондық билет сату жүйелері, өздігінен қызмет көрсету терминалдары, турникеттер, жасанды интеллектімен жабдықталған бейнекамералар және басқа да заманауи құралдар қойы­лады.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау аясында биылғы жаңалықтың бірі әрі бірегейі «E-museum» порталы болып отыр. Жоба еліміздегі 285 музей қорын біріктіріп, 66 мыңнан астам экспонат қолжетімді болады. Порталда үш өлшемді модельдер мен виртуалды турлар бар. Сонымен қатар бастама тарихи мұраны сақтау мен оны халықаралық мәдени кеңістікте кеңінен танытуды мақсат етеді.

Жылдың тағы бір маңызды жобасы – «E-кино» жүйесі. Мұнда кинотеатрлардағы көр­сетілімдер біртұтас цифрлық есепке алынады. Платформаға 68 кинотеатр қосылған. Жүйе арқылы 20 310 билет сатылды. Жоба нарықтағы ашықтықты арттырып, ұлттық кино жұ­мысын талдауға мүмкіндік береді.

Мәдениет ұйымдары да электрондық билеттерді, өздігінен қызмет көрсету терминалдарын және заманауи бақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Бұл өзге­рістер қызмет көрсету сапасын арттырып, келу­шілер статистикасын есептеуге сеп болады.

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью