Тарихи медаль: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина халықаралық додада күміс жүлде иеленді

09.11.2025

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қысқа бағдарламада Софья уақытша екінші орынға орналасқан еді. Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте 200 ұпай жинаған Самоделкина турнирді күміс жүлдемен аяқтады. 

Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикске бұйырды - 198,97 ұпай.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью