Тарихи сәт: ақтөбелік жыршылар әлем рекордын орнатты

17.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбедегі Халық шығармашылығы орталығында тарихи сәт тіркелді. «Ер Едіге» жыр мектебінің тәрбиеленушілері әлем рекордтары кітабына енді. Олар тәулік бойы жыр айтты.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Бұл таза әдеби рекорд. Біздің арамызда эпосты білетін адам болмады. Сондықтан ғалымдарды жиып, «мүмкін бе» деп сұрап, соны талдадық. Дайындыққа екі апта уақыт кетті. Сонымен бірге арнайы мамандар жырлау кезінде қатысуы тиіс еді. Осы талаптар орындалып, келдік. Біріншіден, жырдың жазба нұсқасы болуы тиіс. Екіншіден аудио, қағаз түрінде қосалқы көмек болмауы тиіс. Үшіншіден, тоқтамауы тиіс. Үзілістің өзі 1 минуттан аспауы тиіс. Үзіліс те домбыраның бұрауын келтіруге, орындықтарды ауыстыруға ғана беріледі. Төртіншіден, электр қуаты үзіліссіз берілуі тиіс. Бесіншіден, цифрлы түрде 24 сағат жазылуы керек болды. Өйткені мұны біз 192 елге жариялаймыз. Бір тәулікте 6 рет есеп бердім. Тікелей эфирге де шығып отырдым. Оны тағы 4 маман бақылап отырды, — деді Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының бас офицері Қуандық Құдайбергенов.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Айта кетейік, ұйымдастыру кезінде кемшілік, қиыншылық тіркелмеді. Өрт сөндіру, дәрігерлер бригадасы жұмыс істеді. Тамақтану, тынығу орны қарастырылды.

— Бұл рекордты 36 адамнан басқа ұйымдастыруға тағы 13 адам қатысты. Кеше жыр жобасы сағат 11:36–да басталды. Бүгін 11:30–да хабарлама келді. Жоба кезінде 51 мың жол айтылды. Қазақстанның батысының жырды орындау мақамы басқаша екен. Жылдам айтады. Бәрі сәтті өтті, жыр жобасы әлемдік рекордтар кітабына енеді, — деді Қуандық Құдайбергенов.

Фото: Алтынай сағындықова/Kazinform

Еске салсақ, алдымен насихат термесі, халық әндері жырланды. Ал II, III, IV бөлімдерде «Қырымның қырық батыры» жырланады. V–VI бөлімде «Діни қиссала» мен «Насихат» термелері айтылады

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью