Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді

15.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың «Уақытпен сырласу» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің архиві директорының орынбасары Жәмиля Әбдіқадырова, тарихшы ғалымдар Хангелді Әбжанов, Қайдар Алдажұманов, Мәмбет Қойгелді, Мерует Әбусейітова, Нұрлан Атығаев, Светлана Смағұлова, Қанат Өскенбай, Зирабүбі Төленова және т.б. қатысты.

Тұсаукесерді жүргізген Хангелді Әбжанов Манаш Қабашұлы соңынан өшпейтін мұра қалдырып кеткен мәңгілік тұлға екенін айтты.

«Манекеңнің өмірден озғанына жиырма төрт жыл өтті. Біз осындай тұлғамен замандас болғанымызды, үлгі-өнегесін көргенімізді мақтан тұтамыз. Таусылмайтын қазына еді. Ол барда біз ештеңеден жасқанған жоқпыз. Өйткені, қамалымыз, қорғаушымыз Манекең болды» десе, академик Мәмбет Қойгелді «Тарихи уақытта тарих жасаған адам» деп баға берді. Мәмбет Құлжабайұлы өз сөзінде Манаш Қабашұлы отандық тарих ғылымының басында тұрғанын атап өтті. «Жол көрсететін тұлғамыз Манаш Қабашұлы еді. Қоғамның тарихи санасын ескі ойлардан аршу, тарих ғылымын жаңа сапаға көтеру – жеңіл-желпі дүние емес. Кеңестік билік кеткеннен кейін тарих алға шықты. Тарих ғылымының алға шығып, өз орнын табуына Қозыбаевтың атқарған еңбегі өте зор. Ол еш уақытта ұмытылмайды», деді ол.

Жинақты құрастырушы Ілияс Манашұлының айтуынша, кітапқа көрнекті тарихшының 1964-2001 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жазған хаттары енген. Бұл хаттар академиктің ғылыми-ұйымдастырушылық және қоғамдық қызметінің көпшілікке беймәлім қырларын ашып, қоғамдық-саяси өмірінен хабар береді. Иә, Манаш Қозыбаевтың эпистолярлық мұрасы зерттеушілер мен оқырман қауым үшін аса бағалы. Жинаққа Президент, «Ғылым ордасы», Орталық мемлекеттік мұрағаттарда, сондай-ақ Қозыбаевтар әулетінің қорында сақталған хаттар енгізілген. Белгілі тұлғалармен жазысқан хаттары да тұңғыш рет жарияланып отыр. Олардың арасында – Дінмұхаммед Қонаев, Сақтаған Бәйішев, Нұртас Оңдасынов, Әзілхан Нұршайықов, Қасым Қайсенов, Жайық Бектұров, Мұхамедғали Сужиков, Камал Смайылов және т.б. бар.

Айта кетейік, Манаш Қабашұлы ғалымдық қызметімен қатар 1990 жылы баламалы негізде Ғылым Академиясының атынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының халық депутаты болып сайланды. Ол Республикалық мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Заң мен 1993 жылғы Қазақстан Конституциясын, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерді дайындауға белсене қатысты. Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және 1930 жылдары ашаршылық жағдайларын зерттеу жөніндегі парламенттік комиссияларды басқарды.

Иә, өнегелі тұлғаның артында қалған мол мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру – маңызды міндет.

Дәуіржан ЖҰМАЖАНҰЛЫ,

журналист

Соңғы жаңалықтар

Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Қоғам • Бүгін, 20:45

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

Аймақтар • Бүгін, 20:02

Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды

Президент • Бүгін, 19:54

Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 19:37

Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды

Қоғам • Бүгін, 19:25

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды

Президент • Бүгін, 18:08

Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес

Президент • Бүгін, 18:06

Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет

Президент • Бүгін, 17:50

Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды

Президент • Бүгін, 17:39

Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы

Президент • Бүгін, 17:34

Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен

Еңбек • Бүгін, 17:33

Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды

Президент • Бүгін, 17:27

Сталкинг дауы: Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 17:20

Елімізде балабақшаларды лицензиялау жүйесі қайта енгізіледі

Қоғам • Бүгін, 17:12

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Қоғам • Бүгін, 17:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью