Тарихтағы ең қымбат Олимпиада медалінің сапасы сынға ұшырады

10.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

BBC-дің хабарлауынша, Олимпиада жүлдегерлері медаль бауларының үзіліп қалғанын, тіпті кейбірінің екіге бөлінгенін айтып шағымдануда.

Бұл мәселе туралы алғаш болып америкалық шаңғышы Бризи Джонсон мәлімдеді. Ол алтын медаль жеңіп алғаннан кейін қуаныштан секірген сәтте медаль бауы үзіліп, жерге түскен.

Спортшы баспасөз мәслихатында тілшілерге зақымданған Олимпиада жүлдесін көрсетіп, «оны тағып ешқашан секірмеңіз» деп әзіл аралас ескерту жасады.

Осыған ұқсас жағдайлар басқа спортшылардың да басынан өткен. Атап айтқанда, швециялық шаңғышы Эбба Андерссонның күміс медалі де бауынан үзіліп, екіге бөлініп қалған.

Қысқы Олимпиада ойындарының бас операциялық директоры Андреа Фрэнсис ұйымдастыру комитеті бұл мәселеге байланысты тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, биылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы алтын медальдар 500 грамм күмістен жасалып, үстіне 6 грамм таза алтын жалатылған. Күміс медальдар 500 грамм таза күмістен, ал қола медальдар таза мыстан құйылған.

Қазіргі алтын бағасын ескерсек, Милан қысқы Олимпиадасының алтын медалінің құны шамамен 2481 АҚШ долларын құрайды. Бұл алдыңғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары және Париж Олимпиадасындағы алтын медаль бағасынан екі есе қымбат.

Күміс медальдің құны шамамен 1400 АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш те Париж Олимпиадасымен салыстырғанда үш есе жоғары.

Еске салайық, бұған дейін спортшылар Париж Олимпиадасы медальдарының сапасына да шағымданған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью