Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Астанада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері онымен жүрген жолаушылар саны 10 миллионнан асты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айында жеңіл рельсті көліктің орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың адамды құрады.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие станциялар:
1.
"Университет" – 1 463 953 жолаушы;2.
"Бәйтерек" – 1 208 610 жолаушы;3.
"Нұрлы жол" – 1 060 068 жолаушы.Жол ақысын бірнеше тәсілмен, соның ішінде көлік картасы, банк картасы және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.