Тәртібі жақсы сотталғандарға жеңілдік жасалады: жаңа жоба дайындалды

25.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Тәртібі жақсы жазасын өтеуші жеңілдікке ие болады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жаңа жоба дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комитет түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жоба дайындады. Құжат сотталғандарды ұстау жағдайын жақсартуға және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

"Мінез-құлқы оң бағаланған сотталғандар үшін "тынығу уақыты" енгізіледі. Ал ең төменгі қауіпсіздік мекемелеріндегі сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру жоспарлануда", - дейді комитет.

Бұдан басқа, кездесулерге және қалаға шығуға өтініш беру арнайы терминалдар арқылы жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью