Тәртіп бұзғандарды видеоға түсірсеңіз, қомақты ақша аласыз

29.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада құқықбұзушылықты фотоға немесе видеоға түсіріп, тиісті органдарға хабарлаған азаматтар 86 500 теңгеге дейін сыйақы ала алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елордада қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектескен тұрғындарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекітілген. Қағидаға сәйкес, құқықбұзушылықты анықтауға немесе оның алдын алуға көмектескен азаматтарға ақшалай сыйақы беру қарастырылған. Оның ең жоғары мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке, яғни 2026 жылы 86 500 теңгеге дейін жетеді.

Сыйақы алу үшін құқықбұзушылықты фотоға немесе видеоға түсірудің өзі жеткіліксіз. Азамат түсірілген материалдарды уәкілетті органдарға ұсынуы керек. Ақшалай сыйақы құқық бұзушыға салынған айыппұл төленгеннен кейін ғана беріледі. Тұрғындарды ынталандыру туралы шешімді аудан әкімдігі жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және әкімдік қызметкерлері кіреді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан азаматтарға ақшалай төлемнен бөлек алғыс жариялау, грамотамен марапаттау және оқыту түріндегі ынталандыру шаралары да қарастырылған. Бірақ анонимді түрде хабарлама жіберген адамдарға ақшалай сыйақы төленбейді. Сондай-ақ ұсынылған материалдар құқықбұзушылықты анықтауға нақты көмектесуге тиіс.

Айта кеткен жөн, мұндай ынталандыру тетіктері Қазақстанның өзге өңірлерінде де қарастырылған. Дегенмен сыйақы мөлшері мен оны беру шарттары әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью