Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Республикалық тунирде Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары айқын басымдылықпен алға шықты.
Төрт күнге созылған мұз айдынындағы тартысты бәсекеде еліміздің ең мықты аймақтық құрамалары бақ сынады. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің «Титан» командасы өздерінің мызғымас көшбасшылығын тағы да паш етті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды ШҚО Полиция департаментінің командасы жеңіп алып, үш дүркін чемпион атанды. Ал ІІ орын мінберінен СҚО Полиция департаментінің командасы көрінді. Үздік үштікті Қарағанды облысының Полиция департаментінің командасы қорытындылады.
Сондай-ақ жарыста жекелеген номинация иегерлері де марапатталды.
Еске сала кетейік, Алматыда ІІМ-нің жаңа академиясының құрылысы басталды.