Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Таиландтың Пхукет қаласында 30 жастағы қазақстандық әйел жол апатын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, 30 жастағы Қазақстан азаматы көлікпен қауіпті маневр жасап жүрген.
Полиция ақпаратына сәйкес, әйел бірнеше сағат бойы көлік рөлінде жол ережесін бұзумен болған. Салдарынан микроавтобус пен мотоциклге соғылып, екі адам жарақат алды. Полиция әйелді ұстау үшін көліктің әйнегін сындыруға мәжбүр болған. Оқиға фактісі бойынша іс қозғалды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл фактіні растады.
"Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының Таиландта ұсталғаны туралы хабардар. Дипломаттар қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органдарымен байланыста болып, қажетті консулдық қолдау көрсетуде", - дейді министрлікте.
Оқиғаның мән-жайы Таиландтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталуда.