Тәртіпті бала еді : Сұлтан Сәрсемалиевтің әкесі сотта куәлік берді

29.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Ашық дереккөз

Сот барысында айыпталушы өз әкесін көріп, көзіне жас алды. Самиғулла Сәрсемалиевтің айтуынша, Сұлтан бала кезінен тәртіпті болған. Алкогольдік ішімдіктер мен тыйым салынған заттарды қолданбай, құмар ойындарға әуестенбеген.

«Сұлтан жастайынан өз ісіне тиянақты, сөзіне жауап бере алатын бала болып өсті. Тәртібі де жақсы болды» деді сотталушының әкесі.

Самиғулла Сәрсемалиевтің айтуынша, олардың марқұмдармен қарым-қатынасы жақсы болған және ол ұлының отбасындағы ішкі жанжалдар туралы білмеген.

«Ішінара мойындаймын»: Сұлтан Сәрсемалиев сот айыптауларымен толық келіспейтінін мәлімдеді

Еске сала кетейік, кеше Атырауда аталған сот процесінің отырысы өтті. Сотта Сұлтан Сәрсемалиев алғашқы кісі өлтіру қылмысын жасыру үшін қалған отбасы мүшелерін де өлтіргенін мәлімдеген еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью