Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қырғызстанның әлеуметтік желі кеңістігінде бұрынғы министрлер кабинетінің төраға орынбасары, ҰҚМК-ның экс-төрағасы Қамчыбек Ташиевтің Испанияда жүргені туралы ақпарат тарады, деп Arasha.kz тілшісі Vesti.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде оның кіші ұлы Әмір-Хан Қыдыршаевпен бірге түскен фотосы жарияланған.
Әмір-Хан Қыдыршаев Испанияның "Барселона" футбол клубының жастар құрамасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Испанияда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев та жүр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қамчыбек Ташиевтің Қырғызстаннан ұшып кеткені хабарланған еді. Алайда оның нақты қайда барғаны белгісіз болған. Қырғызстандықтардың бір бөлігі генерал денсаулығына байланысты Германияға қайта оралды деп болжаған, себебі қызметінен кеткені туралы хабарды сол жақта жүргенде естігені айтылған.