Тасқынға тастүйін дайындық

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті аудандары су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарында. Облыс әкімі Берік Уәлидің Аягөзге жұмыс сапары барысында алдымен су басу қаупі бар жерлердің дайындығы пысықталды. Мәселен, Аягөз қаласындағы «Қуаныш» шағын ауданындағы көшелердің бірінде жерасты суының көтерілуі байқалған. Осыған орай аймақ басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюды, су жиналуының алдын алу іс-шараларын күшейтуді тапсырды.

Сурет: semeytany.kz

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаровтың айтуынша, қаладағы алдын алу шаралары бірнеше бағытта қатар жүріп жатыр.

«Бүгінге дейін қала көше­ле­рінен 32 мың текше метр қар арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ 8,8 км жабдықталған суағар арық­тар, 12 км жабдықталмаған арық­тар, 85 су өткізгіш құбыр тазартылған. Қажет болған жағ­дайда қосымша күштерді тар­ту қарастырылған. «Аягөз-су» мем­лекеттік ком­муналдық кә­сіпорнының 6 су сору техни­касы, теміржол мекемесінің 3 техникасы, №13 өрт сөндіру бөлімінің техникасы да­йын. Сонымен қатар төтенше жағдайлар бөлімінде 5 тонна дизель отыны мен 3 тонна АИ-92 бензин қоры әзірленген», деді ол.

Аягөздегі ахуалға қарағанда, мұнда мәселе көбіне-көп қала ішіндегі осал нүктелерді дер кезінде бақылауға алып, ин­же­нерлік жүйені үздіксіз күтіп ұстауға тіреліп тұр. Ал Ақсуаттағы көрініс сәл бас­қа. Мұнда дайындық бір ғана елді мекеннің немесе бір ғана көшенің айналасында емес, тұтас аудан ауқымында жүйеленген. Аудан әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы қаулы­сына сәйкес «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған іс-шаралар» жоспары бекітіліп, арнайы комиссия жасақталған. Көктемгі тасқын кезінде аудан көлемінде 45 бірлік техника мен құрал-жабдық, 67 қызметкер жұ­мылдырылады. Төтенше жағ­дайлар бөлімінде арнайы техника мен су сору құралдары дайындалған. Бұған қоса аудан әкімі аппараты 15 мотопомпа әзірлеп қойған. Инженерлік, ауыр техника да жеткілікті деңгейде топтастырылған. «Ақсуат» коммуналдық кә­сіпор­ны бірнеше ауыр жүк көлі­гі, жүк артушы, автогрейдер мен экскаваторды сақадай сай ұстап отыр. «ҚазАвтоЖол» тарапынан қосымша техника жұмылдырылмақшы. Бүгінге дейін 7 285 текше метр қар шы­ға­­рылған. Су басу қаупі бар елді мекендерде алдын ала бөгеттер де жасалған.

«Көктемгі кезеңге да­йындық бірнеше ай бұрын басталды. Қауіпті ауылдарда қорғаныс бөгеттері салынды, техника мен материалдық қор дайындалды. Қазір жағдай тұрақты, алдын алу шаралары бақылауда», дей­ді аудан әкімдігінің мамандары.

Ақсуат ауданында жол мен көпірдің ахуалына да назар аударылған. Республикалық маңызы бар 148 км жолдағы 3 көпір мен 124 су өткізгіш құбырдың 78-і, сондай-ақ аудандық маңызы бар 460 км жолдағы 9 көпір мен 66 су өткізгіш құбыр толық тазартылып, жұмыс толық аяқталған.

Семей маңындағы Ертіс, Аягөз төңірегіндегі өзен арналары, Жармадағы Шар суқой­масы, Бородулиха ауда­нын­дағы Красный-Яр елді мекені – бәрі-бәрі бақылауға алынған. Дайындық жұмыстары тиянақ­ты жүріп жатыр. Дегенмен ауа температурасы күрт көтеріліп, қар қарқынды еріген жағдайда кейбір жерлерде жағдай күр­де­ленуі мүмкін. Сондықтан өзен арналары мен су өткізу құ­рылыстарын уақтылы тазалау, техника мен апаттық бри­га­да­лар­дың дайын болуына ерекше назар аудару қажет.

Ресми дерекке сүйенсек, облыста су тасқыны қаупі бар 64 елді мекен анықталған. Оның ішін­де 3 ауылда қауіп толық жо­­йылған, 22 елді мекенде қауіп дең­гейі төмендеген, 39 елді мекенде қатер әлі сақталып тұр. Өңірде 42 шақырымға жуық қорғаныс дамбалары салынып, нығайтылған, өзен арналары тазартылып, дренаж жүйелері ретке келтірілген. Қазір аза­мат­тық қорғау жүйесінің 1 436 қызметкері мен 543 техникасы жоғары дайындық режіміне көшірілген. Эвакуациялық пункттердің әзірлігі тексеріліп, қауіпті аумақтарда тәулік бойы бақылау жүргізіліп отыр.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью