Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Құрылтай депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Тиісті қаулы бүгін өткен отырыста қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дауыс беруге 132 депутат қатысты. Савельеваның өкілеттігін тоқтатуды 130 адам қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалды. Қарсы дауыс бергендер болған жоқ.
Дауыс беруден кейін Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Савельеваға бірлескен жұмысы және заң шығару қызметіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
"Барлық депутат корпусының атынан сізге бірлесе атқарған жұмысыңыз үшін алғыс айтамын. Заң шығару қызметіне қосқан үлесіңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Жаңа жауапты қызметіңізде табыс пен жетістіктер тілейміз", - деді Дәдебай.
Оның нақты қандай қызметке тағайындалғаны туралы хабарланбады.
Татьяна Савельева туралы не белгілі?Парламентке келгенге дейін Татьяна Савельева Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметін атқарған. 2023 жылдың наурызында ол Amanat партиясының тізімі бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып тіркелді.
Мәжілісте Савельева Қаржы және бюджет комитетін басқарды. 2026 жылдың тамызында "Әділет" партиясының тізімі бойынша Құрылтай депутаты болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясы оны 27 тамызда депутат ретінде тіркеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу