Тау кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімі жарияланды

12.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бүгінде білім беру бағдарламаларын жаңарту кезінде жаңа мамандықтар атласы ескеріледі. Оған сәйкес, тау-кен саласында предиктивті диагностика инженері, қашықтан жұмыс істейтін оператор-технолог, өндірістік үдерістерді үйлестіру менеджері, композициялық материалдар конструкторы сияқты жаңа мамандықтар шығады.

"Ал абоненттік топ бақылаушысы, бақылаушы технолог, бункерші, бульдозер және конвейер машинисі жойылатын мамандықтар ретінде айқындалды", - деді Абылайхан Астанадағы көмір өнеркәсібі форумында.

Оның айтуынша, бүгінде білім беру гранттарының 60 проценті инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің сұранысына қарай білім беру бағдарламаларын өздері әзірлей алады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью