Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
- Таудағы көлдердің тасуы салдарын төмендету үшін ертерек дабыл беру жүйесін жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі кезде мұздық көлдерінің аз ғана білігі бақылауға алынған. Бұл жағдай дабыл жүйесіндегі кемшіліктерді анық байқатты, - деді К. Кишор.
Оның пайымынша, таулы аймақтардағы тұрғындардың тәжірибесі мен білімін кеңінен пайдалану керек.
- Мәселен, бір ғана көлдің тасуы шамалы уақыттың ішінде таудың етегіндегі орасан зор инфрақұрылымды шайып кетуі мүмкін. Бұл проблеманы алдын алуға ерекше мән беріп, бәрін алдын ала жоспарлау қажет. Атап айтқанда, Орталық Азияда жүзеге асып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді. Шын мәнінде, біраз іс атқарылған. Бірақ басқа өңірлер де осы проблемаларды сезініп отыр. Осы проблемалар Гималайда, Непалда, Пәкістанда және Бутанда да бар.
Сондықтан бұл дамушы елдер үшін ғана проблема емес, сонымен қатар дамыған елдер де қауіпке төтеп бере алмай жатады. Жалпы, Орталық Азияда, Гималайда, Альпіде жүзеге асып жатқан жұмыстар жайында хабардармыз. Бұл ретте жинақталған тәжірибе мен білімді алмасу маңызды, - деді БҰҰ-ның Апаттар тәуекелін азайту басқармасының басшысы.
Айта кетейік, саммит барысында Орталық Азиядағы мұздықтар жылдам еріп жатқаны айтылды.