Тау көтерген толағай

21.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ертіс-Баян өңірінде 62 килограмдық кір тасын кеудесінде ойнататын алып күш иесі тұрады. Нұрлан Көпбергенов – кір тасын көтеруден жаһандық рекордты 16 мәрте жаңартқан әлем чемпионы. Қазақтың мықтылығын әлемге танытып, талай додаларда мықтыларды шаң қаптырған дарабоз ағамыздың ерік-жігері халқымыздың қайсар рухының көрінісіндей.

«Ортаға Нұрлан Көп­берге­нов шақырылады!». Жарыс өтіп жатқан Пав­ло­дардың «Трактор» ста­дионындағы спорт төре­шісі әрі комментаторы осылай деп хабарлады. Футбол алаңының ортасына дене бітімі келіскен, жас әрі жігерлі қазақ жігіті шыға келді. Түр-тұлғасы мен жалынды мінезі көрген жанға бірден жылы әсер қалдыратындай. Төрешінің ысқырығы естілген сәтте Нұрлан сенімді түрде кір тастарына қарай беттеді. Зіл батпан тастардың әрқайсысы 32 килограмм тартады. Спортшы әр қолына біреуден алып көтеруге тиіс. Бір мезетте төреші­нің саңқылдаған даусы тағы естілді: «Ол бұл салмақты бір минуттың ішінде кемінде 42 рет көтеруі керек. Әйтпесе рекорд есептелмейді». Бұл әлемдік рекорд еді. Нұрлан жымиып, тұғырға жақындады да, ауыр кір тастарын қос қолына ұстап, жоғары қарай жеңіл көте­ре бастады. Көрермен­дер атлетті қолдап, дауыс­тап санап тұр: 43, 44, 45! Алып жігіт әрқайсысының салмағы 32 кило қос кір тасын бір минутқа жетпей­тін уақытта 45 рет көтер­ді. Осылайша, кезекті әлемдік рекордын жасады. Қазақ жігітінің еншісіне жаһандық рекордты 16 мәрте жаңалау мүмкіндігі берілгені бұл тұста тек Жаратқанға ғана аян еді.

Нұрлан Көпбергенов 1962 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданын­дағы Мүткенов елді меке­нінде дүниеге келген. Оның бүкіл саналы өмірі Ертіс ауданымен тығыз байланысты. Аталған аудан­дағы №3 орта мектепті тәмамдап, 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Ең­бек жолын Ертіс ауданын­дағы Амангелді атында­ғы мек­тепте мұғалім болып бас­тап, кейін балалар мен жасөспірім­дер спорт мектебінде жаттық­тырушы, аудандық «Қай­рат» спорт қоғамының төрағасы болып қызмет етті. Кедендік бақылау коми­­тетінде де жауапты қыз­­меттер атқарған. Осы жыл­дар бойы жоғары деңгейдегі жарыстар мен спартакиадаларға қатыса жүріп, спорттық рекордтарды үнемі жаңарту­мен болады. Көп ұзамай жас спортшының даңқы Қазақстанды қойып, ТМД елдеріне тарай бастайды.

– Менің жұлдызды дәуірім 30-дан асқан ша­ғымда басталды десем болады. Бозбала кезімде Исабек ишанның ұрпағы Жандарбек қожаның батасын алып, ықыласына шомылып едім. Қасиет иесінің шапағаты себепкер болды ма, арада көп уақыт өтпей мені кір тасын көтеруден Ресей елінің бас бапкері Николай Шатов іздеп келді. Оның қолдауымен Ресей қала­ларына шеру тартып, өне­рімді көрсете бас­тадым. Сөйтіп, 90-жылдардың соңы, 2000-жылдардың басында түрлі қалалар­дағы әлемдік жарыс­тарға қатыса жүріп, 16 мәрте рекорд жаңартыппын. Ауыр сал­мақ көтеруді 32 килодан бастап, 101 килоға дейін жеткіздім, – дейді даңқты рекордшы.

Ол ең  әуелі 1996  жылдың 17 қара­шасында Минскіде өткен жарыстарға, ал 1997 жылдың сәуі­рінде Қазан­дағы әлем кубо­гіне, одан соң Ба­баевоғадағы дода­ға қатысады. 32 ки­ло­грамдық кір тасын қос қол­дап бір минуттың ішінде 48-ден астам рет көтереді. Бұл нәтиже – әлемдік рекорд еді. Бұған дейінгі әлемдік рекорд Вячеслав Хоронекоға тиесілі болатын (34 рет). Әлемге әйгілі кір тасын көтеруші, тағы бір рекордшы Виктор Кал­мык дәл осындай сал­мақты 36 рет көтерген. Нұрлан Қазбекұлының рекордтары олардың нә­ти­жесінен еселеп асып түсіп жатты. Бұған қоса 1997 жылы мамыр айында Липецк қала­сында өткізілген Бүкіл­ресейлік фестивальда салмағы 100 килог­рамдық зілте­мірді қырық секундта 16 рет көтеріп, бірінші орынды жеңіп алды. Сол жылдың қараша айын­да Ресейдің Бабаево қала­сында өткен әлемдік чем­пионатта әр­­бірі 36 кило­грамдық екі кір тасын бір минутта 39 рет серпе кө­теріп, тағы да әлемдік рекорд жа­са­­ды. Ал 2002 жылдың желтоқсан айын­да Семей қаласында өткен жарыста әрбірі 40 килограмдық екі кір тасын бір минутта 29 рет серпе көтеріп, кезекті рекорд жасайды.

Ең үлкен рекордтары туралы айтар болса, 1999 жылы Қаратау қала­­сында өткен кезекті чем­пионатта салмағы 61 килограмдық екі кір тасын 5 рет серпе көтерсе, 2006 жылы Ресейдің Заво­доуковск қаласында 62 килограмдық қос кір тасын 8 рет көтеріп, кезекті рекордты жаңалады. Ал 2007 жылы 62 килограмдық кір тасын 10 рет көтеріп, тағы бір рекордтық көр­сеткіш тіркеді. Олардың алдында 1998 жылдың қыр­күйек айында Астана қала­­сының тұсаукесер рәсі­мінде әрбірі 52 килог­рамдық екі кір тасын бір ми­нутта 14 рет кө­терген. Астана қаласында өткен Павлодар облы­сы­ның күндерінде Н.Көпбергенов өзінің барлық бұрынғы әлемдік рекордтарын жаңартып, алтын медальға ие болады. Өкінішке қарай, атлеттің бұл жетістіктері сол тұста спорт шенеуніктері тарапынан тиісті қолдау таппай қалған. Отандық спорт саласының басында отырғандардан ешбір мейірім көрмеген азамат бір жылдары спорттан қол үзгісі келген. Сол тұста үлкен ағасы Төлеш Тасқымбаев: «Бауырым, бұл саған Тәңірдің берген дары­ны, мұны қа­шан тоқтату керек­тігін тек сол ше­ше­ді. Тоқтама, рекордтар орната бер. Ұлы даладағы сен сияқты адамдар біздің халықта жүз жылда бір туады», деп тоқ­татады.

Заман­даста­рының айтуынша, алып күш иесінің жетістіктерінің құ­пиясы – оның қара­пайымдылы­ғы мен ең­бекқорлығын­да. Спорт арқылы талай елмен достық көпірін орнатқан. Ресейдің Ялуторовск қаласындағы қазақ ұлты азаматтарымен кездескенде олардың Нұрланға есімі жазылған арнайы кір тастарын сыйлауы – спортшының зор беделіне айғағы. Бүгінде Нұрлан ағаның үйінде әр жылдардан сыйлық ре­тін­де жиналып қалған кір тастарының жалпы сал­мағы бір жарым тоннадан асады. Спортшы зей­неткерлік жаста болса да, оларды күнделікті жаттығуында үзбей пайдаланады екен.

Сөз соңында айтарымыз Нұрлан Көпберге­нов – ауылдан шығып, әлем­дік шыңдарды бағындыр­ған қазақтың нағыз баһа­дүрі. Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жо­лын лайықты жалғастырған аға­мыздың рухы мен ерен күші жас спортшылар үшін қашанда мақтаныш болып қала беретіні анық.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды

Есірткі • Кеше

Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Аймақтар • Кеше

Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Марапат • Кеше

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Спорт • Кеше

Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды

Спорт • Кеше

Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Әсет Матаевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қоғам • Кеше

Алакөлге пойыз және әуе билеттері қашан сатыла бастайды?

Туризм • Кеше

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

Президент • Кеше

Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді

Аймақтар • Кеше

Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады

Президент • Кеше

Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды

Қоғам • Кеше

Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью