Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматыда әдебиет сыншысы, публицист, композитор Тұрсынжан Шапай туралы «qonyr media group» түсірген «Таудан түскен сәуле» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Туынды кейіпкер тағдыры арқылы туған жерге деген сағыныштың, ұлттық жады мен рухани тамырдың тереңдігін бейнелейді.
«Тәңірінің құдіретін танығың келсе, тауға шық» демеуші ме еді. Тау шыңдарында жер-дегі ұсақ-түйек мәселе-лерден арылып, жаныңа қуат табасың. Фильм кейіпкері де жан дауасын туған жер баурайындағы асқақ шыңдардан, жазира жоталардан іздейді.
«Тауға келгенде түнде жұлдызға, күндіз күнге жақындағандай күй кешесің. Бітіп болмас бар қамыңды, мазасыз тірліктегі ұсақ-түйек бар кейіс, өкпе-ренішіңді, тіпті осы сәтке дейінгі бар ғұмырыңды асқарлардың ар жағында, түу төменде мұнартқан шыңырау етегінде қалдырып, көк пен жердің шегінде тұрған мына биікке жаныңды нұрмен шайғандай сергіп, серпіліп шығасың», деп тебіренеді кейіпкер.
Текес өзенінің бастауында түсірілген туынды көрерменді Жетісудың тұмса табиғатына тамсандырып, адам мен туған топырақ арасындағы көрінбес байланысқа ой жүгіртеді. Шұбартал, Көккемер, Белтөбе жайлауы, Лабасы секілді жер атаулары арқылы табиғат пен тағдыр, тарих пен тұлға бір арнада тоғысқан.
Фильмде Тұрсынжан Шапайдың рухани қалыптасуына әсер еткен әкесі Мұқан ақсақалдың Абай өлеңдерін жатқа айтуы, «Абайды оқы» деген өсиеті де ерекше мағынамен көрініс табады. Бұл – Абайтанудың ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттанудың да айқын үлгісі. Таудың биігінен адам өз өміріне, өз болмысына басқа қырынан қарайтыны туралы кейіпкер толғанысы көрерменді де терең ойға жетелейді. Осы тұрғыдан алғанда фильм – тұлғатану шеңберінен асып, қазақ даласының рухани кеңістігін танытқан көркем бейнеэссе іспетті.
Фильм авторы және режиссері – Сержан Молдасанұлы, қоюшы-режиссер – Атлан Бұлыбаев, редакторы – Аягүл Рамазанқызы, операторлары – Асхат Дәуренбеков, Арсен Сандыбаев, Нұрали Бақыт, продюссері – Гүлзат Қарғабаева, әкімші – Махаббат Құрманғали.
Көрсетілім барысында қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин туынды ел мен жердің рухын сөйлеткенін атап өтті. Сондай-ақ Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Тұрсынжан Шапайға арнаған лебіз хаты табысталды. Шынында да, «Таудан түскен сәуле» табиғаттың асқақ көркі арқылы халықтың тарихи жадын, адамгершілік пен тазалық секілді мәңгілік құндылықтарды жаңғыртқан рухани дүние. Бүгінгі қарбалас заманда мұндай туындылар адамды өзінің түп-тамырына, туған жердің биік болмысына қайта үңілуге шақыратындай.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
Мектеп • Кеше
Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан
Оқиға • Кеше
Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды
Қоғам • Кеше
«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз
Ата заң • Кеше
«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Қоғам • Кеше
FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады
Футбол • Кеше
Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді
Ата заң • Кеше
Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады
Ата заң • Кеше
Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды
Қоғам • Кеше
Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз
Медицина • Кеше
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Қоғам • Кеше
15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады
Референдум • Кеше