Тауарды бөліп төлеуге қатысты өзгеріс енгізіледі

15.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тауар құнын бөліп төлеуге қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әділқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік жаңа заң әзірлейді, я болмаса, қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізбекші.

"Біз BHPL (ағыл. Buy Now, Pay Later – қазір сатып ал да, кейін төле) нарығын реттеу бойынша заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Оған қаржы ұйымдары емес, маркетплейстер немесе сауда үйлері ұсынатын тауарды бөліп төлеу жатады. Бірақ шын мәнінде кредиттік өнімнің барлық белгісі болады", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.

Айта кетері, былтыр кредит алуға қатысты шектеулер енгізілгеннен кейін тұтынушылық кредиттердің саны күрт азайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью