Тәуелсіздік шыңына шықты

13.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Іс-шараға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алмас Сәлімов, партия жанындағы әйелдер қанаты облыстық филиалының жетекшісі Халима Жантөреева, Open Turkistan туристік ақпараттық орталығының басшысы Асқар Әбубәкіров, аудандық мәслихат депутаттары, спортшылар, Shymkent Run Club командасы және  қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Алмас Сәлімов қатысушыларды құттықтап, мұндай бастамалардың бұқаралық спортты дамытудағы, жастардың бел­сенділігін арттырудағы және Түркістан облысының туристік әлеуетін кеңінен танытудағы маңызын атап өтті.

Марафон аясында партияның қолдауы­мен теңіз деңгейінен шамамен 4 100 метр биіктікте орналасқан «Тәуел­сіздік» шыңын бағындырған альпинистер мен партияның белсенді жастарының жетістігі де атап өтілді. Сапардан аман-есен оралған қатысушылар партия басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Алмас Сәлімов альпинистер мен белсенді жастарға риза­шылығын айтып, оларды марапаттады.

Жарысқа Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан және еліміздің өзге өңірлерінен келген 200-ге жуық адам қатысып, 5 және 8 шақыр­ымдық қашықтықтарда бақ сынады. Сонымен қатар іс-шара барысында ұлттық парктің табиғи байлығын сақтау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді. Табиғи аумақтарды туристік тұрғыда таныту олардың экологиялық тұтастығын қорғаумен қатар жүруге тиіс.

SAIRAM-SU TRAIL 2026 тау жарысы спортты насихаттауға, жастарды белсенді өмір салтына ынталандыруға және Түркістан облысының туристік мүмкін­діктерін кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама болды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью