24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мәселен, биыл бюджет қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынып, есесіне мүгедектігі бар спортшыларды қолдау және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын енгізу бойынша түзетулер күшіне енді.
Бүгінде елде 8 жарым млн-ға жуық адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. 4-17 жас аралығындағы 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін барады, оған 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа 521 спорт мектебінде және мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде 400 мыңнан астам бала шұғылданады.
Спортпен айналысатындардың үлесі – 41,4 %
2025 жылғы мақсат – 42 %
240 мың бала – 7 мың спорт секциясы
400 мың бала – 521 спорт мектебі