Тәуелсіздікке 34 жыл толды

16.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін – Тәуелсіздік күні. 34 жыл бұрын ел егемендік алып, Қазақ мемлекетінің іргетасы қаланды. Ата заңымыз жазылды. 

Ал бұл заңның Жоғарғы Кеңесте талқыланып, қабылдануы да сол кезең үшін үлкен белес еді. Ұлттық рәміздер бекіп, шекара шегенделді. Еліміздің егемендігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан бұл қатарға Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті қосылды. Ал Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты. Осы уақыт аралығында Қазақстан халқының саны шамамен 25 пайызға көбейді. Яғни 1991 жылы елде 16,4 млн адам болса, қазір 20 млн-нан асты. Оның ішінде тәуелсіздік жылдарында дүние есігін ашқан сәбилер мен атамекеніне оралған отандастырымыз бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью