Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматыдағы Теректі шағынауданының тұрғындары электр қуатының жиі өшуіне шағымданды. Олардың айтуынша, үйлерінде жарық күн сайын өшеді. Осыған байланысты Tengrinews.kz "Алатау Жарық Компаниясынан" мән-жайды сұрап білді.
Алматыдағы Теректі шағынауданының тұрғындары электр қуатының жиі өшуіне шағымданды. Олардың айтуынша, үйлерінде жарық күн сайын өшеді. Осыған байланысты Tengrinews.kz "Алатау Жарық Компаниясынан" мән-жайды сұрап білді.
Не болды?Редакцияға Теректінің ашынған тұрғындары хабарласып, электр қуатының жүйелі түрде өшуі аудан үшін қалыпты жағдайға айналғанын мәлімдеді.
АЖК не дейді?"Кейде тәулік бойы жарықсыз отырамыз. Компания жауап берген болады, бірақ жөндеу жұмыстарынан кейін бәрі санаулы сағатта қайта бұзылады. E-Otinish арқылы жазып, шағымданып жатырмыз, бірақ одан нәтиже аз", – дейді Иманбұрлық көшесінің тұрғындары.
Tengrinews.kz "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-на жағдайды білу үшін хабарласты. Энергетикалық компания шағынауданда апаттық жағдайларға байланысты электр қуаты бірнеше рет өшкенін растады.
"Теректі шағынауданында 22-25 мамыр аралығында электр беру желілері мен жабдықтардағы апаттық зақымдануларға байланысты электрмен жабдықтауда бірнеше рет іркіліс болды", – деп хабарлады компания.
АЖК мәліметінше, осы күндері шағынауданда бес рет жарық өшкен:
22 мамыр (19:10-нан 23:35-ке дейін) – электр беру желісінің зақымдануынан болған апаттық үзіліс. 23 мамыр (10:30-дан 11:00-ге дейін) – техникалық жұмыстарды жүргізу үшін электр қуатын қысқа мерзімді шектеу. 24 мамыр (10:00-ден 12:50-ге дейін) – электр беру желісінің зақымдануы салдарынан болған апаттық үзіліс. 24 мамыр (15:10-нан 19:05-ке дейін) – абонент тарапындағы жабдықтың зақымдануына байланысты жарықтың өшуі. 24 мамыр (20:05) мен 25 мамыр (01:00) аралығы – кабельдік желінің зақымдануынан болған апаттық үзіліс.Компания электрмен жабдықтау жұмыстары толық қалпына келтірілгенін айтып сендірді. Олардың сөзінше, жөндеу жұмыстары жедел түрде жүргізілген.
"Қазіргі уақытта тұтынушыларды электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз", – деп түйіндеді компания өкілдері.
Айта кетейік, мамыр айының басында Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі күтілетіні хабарланған болатын. Энергетика вице-министрі Суңғат Есімхановтың болжамынша, тарифтердің өсуі орта есеппен 4–5 пайызды құрауы мүмкін..