Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында тауық қиынан энергия шығарады құс фабрикасы жылдық табысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Құрма" агрофирмасы жеті жыл бұрын тауық қиын өңдейтін жобаны бастаған. Оған 573 млн теңге салынды. Бүгінде биогаз станциясы тәулігіне 150 тоннаға дейін тауық қиын өңдейді.
Соның нәтижесінде 22–23 мың м³ биогаз (метанның үлесі шамамен 65%) өндіріледі. Электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 600 кВт-қа жетеді. Бұдан бөлек, тәулігіне 20 тоннаға дейін органикалық тыңайтқыш шығарылады.
"Ферментация барысында түзілетін биогаз электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіпорын алқаптарында қолданылатын органикалық тыңайтқыштар да өндіріледі. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, өндірістік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Осы уақытқа дейін станция шамамен 15 млн киловатт-сағат электр энергиясын өндірді. Кәсіпорын осы жобаның арқасында жыл сайын 100–190 млн теңге көлемінде табыс тауып отыр