Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
– Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыс елдерінің аумағынан Қазақстан Республикасының 2463 азаматы эвакуацияланды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді.
Бүгін таңғы сағат 05:00 шамасында Атырау қаласына Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 180 жолаушы мінген ұшақ қонды. Кейін олар Алматы қаласына ұшып кетті.
Таяу Шығыс бағытындағы әуе қатынасы 10 наурызға дейін тоқтатылды.
Қазақстан Ирандағы қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты.