Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі ахуал қандай?

28.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израиль Иран аумағына ауқымды әуе соққыларын жасап, Тегеран мен бірқатар стратегиялық нысандарды нысанаға алды. Операцияның басталғанын АҚШ президенті Дональд Трамп ресми түрде жариялап, оны «Иран тарапынан төнген қауіптің алдын алу» деп атады. Бұған жауап ретінде Иран Израильге және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға зымырандар атқылады. Аймақтағы жағдай күрт шиеленісіп, бірнеше елде төтенше қауіпсіздік шаралары енгізілді. Сарапшылар бұл текетірес кең ауқымды әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: Majid Asgaripour / WANA / Reuters

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен арнайы әскери операция бастады: не белгілі?

28 ақпан, сенбі күні таңертең Израиль мен АҚШ Иран аумағына әуе соққыларын жасады. Шабуылға ел астанасы Тегеран, ядролық нысандар және жоғарғы билік өкілдерінің резиденциялары іліккен.

АҚШ президенті Дональд Трамп ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялап, ирандықтарды исламдық режимді құлатуға шақырды. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға зымыран соққыларын жасады.

Иранға жасалған соққылар туралы не белгілі?

28 ақпан таңертең Тегеран мен Исфахан қалаларында жарылыстар болғаны хабарланды. Исфаханда Иранның маңызды ядролық орталықтарының бірі орналасқан.

Соққылар сондай-ақ Лурестан провинциясына, Тебриз, Кум, Кередж және Керманшах қалаларына жасалған. Нысанаға Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) барлау штабы мен Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай да алынған. Сонымен қатар ирандық билік өкілдерінің үйлері де шабуылға ұшыраған.

Бір мезгілде Иранның одақтасы – Хезболла ұйымының Ливандағы нысандарына да соққы жасалған.

Израиль Қорғаныс министрлігі операцияның басталғанын растады. Министр Исраэль Кац бұл операция бірнеше ай бойы дайындалғанын мәлімдеді.

Америкалық ұшақтар Таяу Шығыстағы базалардан көтерілгені айтылып жатыр. The New York Times басылымының жазуынша, бұл шабуыл өткен жылғы Иранның ядролық нысандарына жасалған соққылардан әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін.

The Wall Street Journal дерегіне сәйкес, АҚШ пен Израиль бірнеше күн бойы қарқынды соққылар жасауды жоспарлап отыр.

Дональд Трамптың мәлімдемесі

Дональд Трамп операцияға АҚШ-тың қатысып жатқанын жеке өзі растады. Оның айтуынша, мақсат – америкалық халықты қорғау және Иран тарапынан төнген қауіпті толық жою.

Трамп Иранның зымырандарын, олардың өндірісін және әскери флотын жоюға уәде берді. Ол ирандық әскерилер мен полиция қызметкерлерін қаруларын тастауға, ал бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге жасырынуға шақырды. Сонымен қатар исламдық режимді иран халқының өзі құлатуы тиіс екенін айтты.

Израиль тарапының ұстанымы

Израиль билігі соққыларды «алдын ала жасалған» шара деп атады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін мәлімдеді.

(Фото: Ariel Schalit / AP)

Ел ішінде төтенше жағдай режимі енгізілді: жиналыстар мен мектептердегі сабақтарға тыйым салынды, көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды, әуе кеңістігі жабылды. Азаматтарға паналау орындарына жасырыну ұсынылды.

Иранның жауабы

Израиль мен АҚШ соққыларынан кейін Иранда интернет байланысы айтарлықтай шектеліп, мобильді желілерде іркілістер тіркелген. Мемлекеттік телеарналарда патриоттық бейнероликтер көрсетілуде.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қауіпсіз жерге жеткізілген.

Күндіз Иран Қарулы күштерінің жауап соққылары туралы ақпарат тарады. Зымырандар Израиль аумағына, сондай-ақ Бахрейндегі Парсы шығанағындағы АҚШ-тың ірі әскери-теңіз базасына бағытталған. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Иордания аумағындағы америкалық базаларға соққылар жасалғаны хабарланды.

Кей деректерге қарағанда, БАӘ-дегі Аль-Дхафра әуе базасына баллистикалық зымырандар тиген. Сондай-ақ Катар астанасы Доха мен БАӘ астанасы Абу-Даби қалаларында жарылыстар естілген.

(Фото: Stringer / Reuters)

Расталмаған мәліметтер бойынша, Иран Катардағы АҚШ-тың Аль-Удейд базасына да зымыран соққысын жасаған.

40 адам қаза тапты: Израиль Ирандағы мектепке соққы жасады

Қақтығыс қалай өрбуі мүмкін?

Сарапшылардың пікірінше, жағдайдың одан әрі ушығуы бүкіл Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықты күшейтіп, мұнай нарығына, халықаралық қауіпсіздікке және жаһандық экономикаға әсер етуі мүмкін.

Қазіргі уақытта тараптар бір-біріне жауап соққыларын жалғастырып жатыр, ал халықаралық қауымдастық жағдайды жіті бақылап отыр.

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. 

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар

Арман Қырықбаев: Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды

Ата заң • Бүгін, 18:39

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады

Оқиға • Бүгін, 17:43

40 адам қаза тапты: Израиль Ирандағы мектепке соққы жасады

Әлем • Бүгін, 17:38

Жаңа Конституция – партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Ата заң • Бүгін, 16:29

Президент Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Оқиға • Бүгін, 16:17

Бүгін Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық диалог өтті

Ата заң • Бүгін, 16:10

Қазір Иранда қанша отандастарымыз жүр?

Әлем • Бүгін, 15:23

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Әлем • Бүгін, 14:50

Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

Әлем • Бүгін, 14:23

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

Әскер • Бүгін, 13:50

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

Қоғам • Бүгін, 13:45

Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?

Ата заң • Бүгін, 13:28

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью