Таяу Шығыста радиациялық ахуал тұрақты күйінде қалып отыр

01.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Халықаралық атом энергиясы агенттігі 28 ақпан, сенбі күні X әлеуметтік желісінде қазіргі уақытта аймақта радиациялық жағдайдың өзгерісі тіркелмегенін мәлімдеді.

— Агенттік Таяу Шығыстағы оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап отыр және аймақ халқы үшін ядролық қауіпсіздікке төнетін кез келген қатердің алдын алу мақсатында ұстамдылық танытуға шақырады, — делінген хабарламада.

Агенттік өңір елдерімен тұрақты байланыста екенін және жағдай туралы ақпарат беруді жалғастыратынын қосты.

Сонымен қатар, Иранның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі Агенттік Басқарушылар кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуді сұрады.

Дүйсенбі, 2 наурыз күні жоспарланған сессияға дейін арнайы отырыс өткізуді Ресей де сұраған. Бұл туралы Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов X желісінде хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға соққы жасаған. Кейін Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялаған.

Иран Израильдің солтүстік және орталық аймақтарына зымырандар атқан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының Қызыл Жарты Айға сілтеме жасауынша, Иранда 201 адам қаза тауып, 747 адам жараланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью