Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазіргі уақытта әуе компанияның есебінен төмендегі жолаушылар саны қонақүйлерге уақытша орналастырылды:
Доха — 174 жолаушы; Дели — 231 жолаушы (Алматы — Дубай рейсі); Дубай — 330 жолаушы.Форс-мажор жағдайына қарамастан, жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі ойластырылды.
— Әуекомпания Дубай қаласындағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келді, — делінген хабарламада.
Әріқарай қонақүйде тұру мәселесі туындаған жағдайда, сондай-ақ құқылық және репаториациялық мәселелер бойынша жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне мүмкіндігінше тез уақытта хабарласу керек.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктердің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерін ұсынды.