Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Халықаралық терминалда жолаушылар қарасы қалың болғанымен, абыр-сабыр байқалмайды.
Жолаушылар рейстерін сабырмен күтіп, тіркеуден қалыпты тәртіппен өтіп жатыр. Ұшып шығатын бағыттар кестеге сай орындалып жатыр, әзірше кешіккен рейстер жоқ.
Фото: Еламан Тұрысбеков \ KazinformӨзгерістер негізінен ұшып келетін рейстерге әсер етті. Дубай, Доха, Шарджа және Кувейттен келетін рейстер тоқтатылған. Жиддадан ұшатын рейс шамамен төрт сағатқа кешігіп жатыр, ал Делиден келетін ұшақ 14 сағаттан соң бір-ақ жетеді.
Фото: Еламан Тұрысбеков \ KazinformБасқа бағыттар бойынша әуежай қалыпты жұмыс режимін жалғастырып отыр.
Фото: Еламан Тұрысбеков \ KazinformАйта кетейік, бұған дейін Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігі арқылы және оған жақын аумақта ұшуға толық тыйым енгізген болатын.
Еске салайық, бүгін таңертең Израиль мен АҚШ Иран аумағындағы нысандарға әуе соққыларын жасай бастағаны туралы ақпарат тарады.
Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль аумағына және бірқатар көршілес араб елдеріне зымыранмен шабуылдар жасағанын мәлімдеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін ресми түрде хабарлады.
Сонымен қатар ведомство жағдайдың ушығуына байланысты шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктердің шұғыл байланыс нөмірлері мен «жедел желі» телефондарын жариялады.
Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне ұшатын барлық рейс 3 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.
Бұған қоса, Дубай халықаралық әуежайы (DXB) мен Әл-Мактум халықаралық әуежайы (DWC) жұмысы да Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты уақытша тоқтатылғаны хабарланды.