Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Франция билігі Марсель қаласында жоспарланған Әскери-теңіз күштерінің 400 жылдығына арналған теңіз парадын өткізуден бас тартты. Бұл туралы BFMTV телеарнасы елдің Қарулы күштер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
— Әскери-теңіз күштерінің қазіргі операциялық міндеттері мен олардың басымдығын ескере отырып, штаб бастығы 8 мамырға жоспарланған Марсель портындағы флот мүмкіндіктерін көрсету шарасын өткізбеу туралы шешім қабылдады, — деді ведомствоның ресми өкілі Оливия Пенишу.
Оның айтуынша, көптеген әскери кемелер, соның ішінде «Шарль де Голль» авиациялық тасығышы, Израильдің Ливандағы әскери операциясы мен АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына байланысты тапсырмаларды орындап жатыр.
Бұған дейін Франция 2030 жылға қарай қорғаныс бюджетін 76,3 млрд еуроға дейін ұлғайтатынын жаздық.