Таяу Шығыстағы ахуал: қанша қазақстандық елге қайтарылды?

10.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - делінген хабарламада.

Таяу Шығыстағы ахуал

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жойып жібереміз деп қорқытып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

Иранның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарында жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді қоса, кем дегенде 1000 адам қаза тапты.

БАҚ-тың хабарламаларына қарағанда, зымырандар тек әскери нысандарға емес, Ислам Республикасындағы және аймақтың басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью