Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы Еуропалық Одақта газ бағасы 70%-ға, мұнай — 60%-ға өсті. Қаржылық тұрғыдан алғанда, 40 күндік қақтығыс Еуропалық Одақты энергия импортына қосымша 14 миллиард еуро жұмсауға мәжбүр етті, — деді Дан Йоргенсен.
Бұған дейін Еуропалық одақ Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмейтіні туралы жаздық.
Сондай-ақ Еуропалық Одақ инновациялық қорғаныс технологияларын әзірлеуді жеделдету үшін 115 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, одақ былтыр Грузияға қаржылық көмек көрсеткен жоқ. Бұл жағдай 2026 жылы да жалғасуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.