Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс еліміздегі бензин бағасына қалай әсер етеді Ақкенженов пікірі

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Күн сайын бағаның қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз, шырқау шегі 119 доллар болды. Қазір мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін төмендеді. Баға 80 доллар шамасында болуы үшін алғышарттар бар. Өйткені, қалай дегенде де Парсы шығанағы елдерінің мұнай инфрақұрылымына шабуыл жүріп жатқанын баспасөзден көріп, оқып отырмыз. Екіжақты да шабуыл. Әрине, бұл нарықта мұнайдың аз болуына әсер етеді. Сондықтан баға жоғары болып тұр, — деді министр Мәжілісте өтіп жатқан жалпы отырыс аясында.

Осы ретте ол бұл жағдайдың еліміздегі бензин бағасына әсер етпейтіндігін атап өтті.

— Парсы шығанағы елдері мен АҚШ-та мұның қазірдің өзінде бензин бағасына әсер етіп жатыр. Оны жаңалықтардан көріп, оқып отырмыз. Ал Қазақстанға әсері жоқ, — деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салсақ бұған дейін елдегі бензин, дизель және автогаз бағалары туралы жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью