Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

05.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қай бағыттар жабық?

Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына жоспарланған барлық тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтататынын мәлімдеді. Сонымен қатар аталған бағыттар бойынша билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді

Әуе компаниясы билеті бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр:

30 сәуірге дейін басқа күндерге тегін ауыстыруға болады; Қаржыны толық қайтару мүмкіндігі 11 наурызға дейін ашық.

Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.

Кеше Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізілді. Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейсті орындады

Соңғы жаңалықтар

Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды

Қоғам • Бүгін, 14:50

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді

Саясат • Бүгін, 14:40

Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді

Тұлға • Бүгін, 14:30

Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады

Оқиға • Бүгін, 14:17

Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 14:00

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр

Әлем • Бүгін, 13:50

Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды

Оқиға • Бүгін, 13:45

АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?

Әлем • Бүгін, 13:43

Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31

Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?

Қазақстан • Бүгін, 13:20

8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Елорда • Бүгін, 13:06

«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?

Тарих • Бүгін, 12:55

Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды

Саясат • Бүгін, 12:48

Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 12:25

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью