Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: istockphoto.com
Ведомствоның хабарлауынша, шабуыл кезінде кеме экипажының бір мүшесі із-түзсіз жоғалып, бортта өрт шыққан. Салдарынан кеме елеулі зақым алып, әрі қарай жүзу мүмкіндігінен айырылған.
CENTCOM бұл бір апта ішіндегі Иранға қарсы үшінші соққы екенін мәлімдеді. Бұған дейінгі шабуылдар да коммерциялық жүк кемелеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде жасалған.
АҚШ Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастағанын мәлімдеді
Өз кезегінде Иран АҚШ-тың әрекетіне жауап ретінде 12 шілдеде (АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша 11 шілде) Бахрейн, Иордания, Кувейт, Катар және Оманда орналасқан америкалық әскери нысандарға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жібергенін хабарлады.
Ирандық Press TV телеарнасының мәліметінше, Кувейтте Patriot әуе қорғаныс кешендері, оқ-дәрі қоймасы және америкалық әскери радиолокациялық станция нысанаға алынған. Бахрейнде байланыс орталығы мен әскери радар, ал Катарда Әл-Удейд әуе базасы, жойғыш ұшақтарға қызмет көрсету орталығы және командалық пунктке соққы жасалғаны айтылды.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana-ның Дубай бағытындағы рейсі кері қайтарылды
Сондай-ақ Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, Омандағы Дукм портында АҚШ әскери-теңіз күштерінің логистикалық орталықтары мен әуе кемелерін жанармаймен қамтамасыз ету инфрақұрылымы шабуылға ұшыраған.
Бұған қоса, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ аймақтағы іс-қимылын тоқтатқанға дейін Ормуз бұғазының жабылғанын мәлімдеді.