Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты мұнайдың қымбаттауы фонында Қазақстан қандай пайда көрді? Бұл сауал энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовке қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты мұнайдың қымбаттауы фонында Қазақстан қандай пайда көрді? Бұл сауал энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовке қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы, қаншалықты оғаш естілсе де, Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайдан Қазақстан ұтып отырғанын, себебі мұнай бағасы өсіп, доллар құны төмендеп, ал ұлттық валюта нығайып жатқанын мәлімдеген болатын. Қақтығыс басталғаннан бері Қазақстан қанша "пайда" тапқанын сандармен айтып бере аласыз ба?" - деп сұрады Жаркешовтен Сенатта өткен брифингте.
Вице-министр бұл жағдайдың Қазақстан үшін оң әсері барын, алайда қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.
"Әдетте келісімшарттар спот нарығында емес (активтер бірден сатылатын нарық - еск.), ұзақ мерзімге жасалады. Келісімшарттардың сипаты сондай: мұнай бағасының кенеттен күрт көтерілуі табысқа бірден әсер етпейді. Мен Ұлттық банк басшылығымен толық келісемін - оң әсер болады. Бірақ әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нәтижесін шамамен жарты жылдан кейін көреміз", - деп жауап берді Санжар Жаркешов.
Сондай-ақ шенеуніктен АҚШ пен Иран арасында бітім жасалса немесе ол жүзеге аспай қалғандай жағдайда Энергетика министрлігінің мұнай бағасына қатысты болжамы қандай екендігі сұралды.
Мән-жайы"Болжам жасамаймыз, мұнай бағасының әлемдік конъюнктурасы күн сайын өзгеріп отырады, біз мониторинг жүргіземіз, дәл осы болжам жасаумен айналысатын әртүрлі агенттікпен жұмыс істейміз. Энергетика министрлігі ішкі нарықты қамтамасыз етуге, үздіксіз өндіріске, өндіру жоспарын орындауға, экспорттық бағыттар мен ел ішіндегі тасымалдауға басымдық береді. Бағаның ауытқып тұратыны түсінікті, жағымды тұстары бар (...) Болжамдар бойынша қазір бақылап отырмыз, әзірге нақты болжам жасамаймыз", - деді вице-министр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын соққыларды екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеген болатын. Америка көшбасшысының айтуынша, бұл екіжақты шабуылдарды тоқтату туралы келісім болмақ. Ақ үй басшысы Вашингтонның Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алғанын және оны "келіссөздер жүргізуге негіз болатын құжат" деп санайтынын түсіндірді.
Иран тарапы екі апталық бітім мерзімінде Ормуз бұғазының ашылуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Осыдан кейін мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Мәселен, 7 сәуірде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 107-110 доллар аралығында болса, түн ортасынан кейін ол күрт арзандап, барреліне 93 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнай құны 14 пайыздан астам арзандап, барреліне 95 доллар болды.
Бұл ретте елдердің бітімге келуі туралы мәлімдемесі аясында Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт өсті.
Тағы оқыңыз: Таяу Шығыс доллар бағамын кері “қайтарды“, сарапшылар ықтимал сценарийлерді атады
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться