Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Reuters хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz Ресейдің Үндістанға мұнай сату ықтималдығын талдайды.
Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай тасымалын бұзған жағдайда, Ресей жеткізілімнің бір бөлігін Үндістанға жедел бұруға дайын. Reuters-тің айтуынша, қазірдің өзінде Үнді мұхитына жақын маңда танкерлерде шамамен 9,5 млн баррель (1,3 млн тонна) ресейлік мұнай бар және олар бірнеше апта ішінде үнді мұнай өңдеу зауыттарына жетуі мүмкін.
Бұл қадамның астарында Үндістанның импорттық тәуелділігі жатыр. Елдің шикі мұнай қоры сұранысты небәрі 25 күн жабады. Ал бензин және сұйытылған газ сияқты мұнай-газ өнімдерінің қоры шектеулі. Сондықтан Нью-Дели Таяу Шығыстағы соғыс 10-15 күннен ұзаққа созылуы ықтимал сценарийге алдын ала қарастырып жатыр.
АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы нарыққа бірден сезілді. Үндістанға келетін шикі мұнай импортының шамамен 40%-ы Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Соңғы күндері бұғаз жабылған соң қауіп күшейіп, танкер қозғалысы қиындады. Үнді мұнай өңдеу зауыттары тәулігіне шамамен 5,6 млн баррель (763 мың тонна) мұнай өңдейді. Сондықтан ұзаққа созылған үзіліс ішкі нарыққа ауыр соққы болуы мүмкін.
Ресей болса, Үндістан импортындағы өз үлесін 30%-дан 40%-ға дейін көтеруге дайын екенін айтады. Бұл соңғы айлардағы құбылмалы саясат аясында маңызды белгі. Қаңтарда Үндістанның ресейлік мұнай импорты шамамен 1,1 млн баррель/тәулікке дейін төмендеп, 2022 жылдың қарашасынан бергі ең төмен деңгейге түсті. Ал Ресейдің жалпы импорттағы үлесі 21,2% болған. Ақпанда бұл көрсеткіш қайта өсіп, шамамен 30% деңгейіне жеткен.
Баға факторы да өзгеріп тұр. Бұған дейін ресейлік мұнай жаһандық бағамен салыстырғанда едәуір жеңілдікпен сатылса, қазір қақтығыс салдарынан ұсыныс азайып, «нарық сатушы жағына өтті». Яғни, жеңілдік болмауы мүмкін.
Энергетикалық тәуекел бұнымен бітпейді. Қатардағы газ өндірісі тоқтағаннан кейін Ресей Үндістанға СТГ (сұйытылған газ) сатуға да әзір екенін жеткізген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болса, АҚШ-тың Әскери теңіз күштері танкерлерді Ормуз бұғазы арқылы алып жүруі мүмкін екенін мәлімдеді.
Қорыт айтқанда, Таяу Шығыстағы шиеленіс Үндістан үшін жеткізілім қауіпсіздігін бірінші орынға шығарды. Ресей осы вакуумды тез толтыруға дайын екенін байқатты.