Таяу Шығыстағы текетірес: Қазақстан дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

02.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Таяу Шығыста әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен және шет мемлекеттердің билік құрылымдарымен тәулік бойы байланыс орнатып, жағдайды жіті бақылап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Осыған орай еліміздің шетелдегі дипломатиялық мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Отандастарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Қақтығыс аймағында және оған іргелес елдерде, сондай-ақ транзиттік аумақтарда жүрген азаматтардың тізімдері үнемі жаңартылып отырады. Мессенджерлер арқылы жедел чаттар іске қосылып, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, елдегі ахуал жөнінде нақты ақпарат пен ұсыныстар жолданып жатыр.

Иранда Али Хаменеидің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

Министрліктің өзінде және шетелдегі мекемелерінде шұғыл байланыс желілері ашылған. Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандықтардың нақты саны туралы мәлімет жинақталып жатыр. Бұл ретте транзиттік аймақтардағы азаматтардың қозғалысы жиі өзгеретіндіктен, олардың нақты санын дәл айту қиын екені де атап өтілді.

Дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері туристік компаниялармен бірлесіп, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда қалған азаматтарды уақытша орналастыру, бағыт-бағдар беру мәселелерінде қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын қауіпті аймақтардан шығару жолдары мен бағыттары да пысықталып жатыр.

Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?

Министрлік қосымша түсіндірмелер мен өзекті ақпаратты ресми ресурстар арқылы, сондай-ақ Kaspi Travel қосымшасына жіберілетін хабарламалар арқылы таратып отыратынын хабарлады. Азаматтарға сабыр сақтап, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын орындау, қатерлі аймақтардан аулақ болу және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарау жөнінде үндеу жасалды.

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

Қазір Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Жағдай өзгерген жағдайда тиісті мәлімет жедел түрде жарияланады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелердің ресми хабарламаларын мұқият қадағалау ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты

Мектеп • Бүгін, 11:50

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады

Қоғам • Бүгін, 11:45

Қысқы Паралимпиада: Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі

Спорт • Бүгін, 11:31

Қазақстандық ғалым ЖИ-дің қандай жағдайда қателесетінін анықтады

Ғылым • Бүгін, 11:30

Максим Самородов «Ахматқа» жеңіс сыйлады

Футбол • Бүгін, 11:20

Аида Балаева: Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес

Дін • Бүгін, 11:12

Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр

Әлем • Бүгін, 11:02

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады

Саясат • Бүгін, 10:49

Қазақстан үшін Қытай сабағы: Индустриялық саясат – серпін бе, әлде елестегі өсім бе?

Экономика • Бүгін, 10:47

Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?

Спорт • Бүгін, 10:33

Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады

Әскер • Бүгін, 10:20

Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?

Экономика • Бүгін, 10:10

Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді

Қоғам • Бүгін, 10:00

Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:58

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью