Таяу Шығыстағы жағдай: Қазақстан азаматтарына бірқатар елге бармау ұсынылды

06.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсыным әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

-Бахрейн

-Мысыр

-Израиль

-Йемен

-Иордания

-Ирак

-Иран

-Қатар

-Сауд Арабиясы Корольдігі

-Кувейт

-Ливан

-БАӘ

-Оман

-Сирия

«Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью