Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ресми хабарламада комитет Милан мен Кортинада өтетін қысқы Паралимпиада-2026 ойындарына және жалпы паралимпиадалық қозғалысқа әсерін бағалау үшін қолда бар ақпаратты жинап, нақтылап және сараптап жатқанын мәлімдеді.
– Бұл жағдай ойындарға қатысатын ұлттық паралимпиада комитеттеріне ғана емес, барлық мүшелерімізге әсер ететінін түсінеміз. Ең алдымен адамдарға келетін салдары туралы ойлаймыз, зардап шеккен жандармен біргеміз, – делінген ХПК мәлімдемесінде.
Соған қарамастан, Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың күшеюіне және халықаралық әуе рейстері кестесінің өзгеруіне қарамастан, комитет Қысқы Паралимпиада-2026 ойындарын бұрын бекітілген жоспар бойынша өткізуге ниетті.
– Біз жағдайдың ойындарды ұйымдастыруға, әсіресе сапарларға әсерін бағалап отырмыз. Негізгі мақсатымыз – қысқы Паралимпиада ойындарын жоғары деңгейде өткізу және бұл шараның әлемдегі 1,3 миллиард мүгедектігі бар адам үшін әлеуметтік интеграция алаңы болып қала беруін қамтамасыз ету. Біз ойындарға қатысатын барлық делегациямен және өзге де мүдделі тараптармен тығыз байланыстамыз. Көптеген командалар қазірдің өзінде Еуропада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Дегенмен Таяу Шығыстағы әуе кеңістігінің жабылуы кейбір қатысушылардың келуіне әсер етуде. Қазіргі кезеңде жекелеген делегациялар немесе спортшылардың мәртебесіне қатысты түсініктеме бермейміз. Алайда Милан мен Кортина-2026 ұйымдастырушыларымен бірлесіп, әсер еткен тараптарға шешім табу үшін бар күшімізді саламыз, – делінген хабарламада.
Паралимпиада ойындары – мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін төрт жылдық кезеңнің басты бәсекесі. ХПК өкілдері Милан – Кортина-2026 ойындары қауіпсіз, сенімді әрі жоғары деңгейде өтетініне сендірді.
Айта кетейік, елордалық спортшылар пара пауэрлифтингтен ел чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды.