Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға атсалысқандар наградталды

09.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компаниялары мен әуежайлар мамандары, ұшу экипаждарының мүшелері, жерүсті қызметтерінің мамандары және саланың басқа да өкілдері ұсынылды.

Мемлекеттік наградаларды Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр табыс етті.

Фото: ҚР Үкіметі

— Барлық жұмыстың нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Бұл лайықты ордендер, медальдар және Президенттің алғысы сіздер үшін алдағы кәсіби өсуге, бар дағдыларды жетілдіруге және жаңа білім мен қабілеттерді меңгеруге қосымша серпін береді деп сенемін. Бұл сіздерге алдағы уақытта да Отанымыздың өркендеуі жолында жемісті еңбек етуге мүмкіндік береді, — деді Роман Скляр.

Биылғы ақпан айында Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша ауқымды жұмыс жедел ұйымдастырылды. Құрылған ведомствоаралық топтың құрамындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері тиісті жұмысты қамтамасыз етті.

Фото: ҚР Үкіметі

3–13 наурыз аралығында 66 рейс орындалып, еліміздің 10 275 азаматы Отанына қайтарылды. Тасымалдауды Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары Дубай, Шарджа, Джидда, Медина және Маскаттан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент бағыттары бойынша жүзеге асырды.

Мараптталғандар:

«Құрмет» орденімен:

Фото: ҚР Үкіметі Талғат Ахметов — «Эйр Астана» акционерлік қоғамының департамент директоры Олег Колесников — «Эйр Астана» акционерлік қоғамының бас ұшқышы Александр Небога — «Эйр Астана» акционерлік қоғамының вице-президенті Фото: ҚР Үкіметі

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Әнуар Боранбаев — «SCAT» әуекомпаниясы» акционерлік қоғамының бортсерігі Серік Жексембаев — «Эйр Астана» акционерлік қоғамының инженері Шынар Жұматаева — Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі Тахиржан Искаков — ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі» РММ құтқарушы-мейіргері Мухтор Искандаров — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ командирі Сергей Комнатный — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командирі Максим Межевий — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командирі Евгений Мустафин — ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі» РММ құтқарушы-мейіргері Клим Пак — «Эйр Астана» АҚ менеджері Андрей Самойлов — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ директоры Мирас Темірбеков — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ әуе кемесінің командирі Рауан Мыңбаев — «Хабар» агенттігі» АҚ «24KZ» арнасының БАӘ-дегі тілшісі Сергей Халдеев — «Эйр Астана» АҚ департамент директоры Фото: ҚР Үкіметі

«Шапағат» медалімен:

Әлібек Алмабеков — «Qazaqstan Business Council» КЕҰ төрағасы

«Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы» төсбелгісімен:

Ербол Ізбергенов — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Салтанат Томпиева — Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Абдул Рахим Мохд Низам Бин — «Эйр Астана» АҚ менеджері Алишер Абдығалиев — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігі Әрлен Әбду — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігі Владимир Бондарев — «Эйр Астана» АҚ менеджері Асылхан Есілов — «Туристік қамқор» қорының директоры Руслан Зұлхарнай — «Эйр Астана» АҚ технигі Дмитрий Коробов — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігі Николай Кунле — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ директоры Денис Қозбағаров — «Эйр Астана» АҚ менеджері Сүлейман Мирзаев — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бөлім басшысы Жанар Пономарева — «Эйр Астана» АҚ менеджері Инна Рей — «Туристік қамқор» қорының төрағасы Станислав Рясков — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ орынбасары Арман Сатимов — «White stone» компаниясының бас директоры Сабыржан Тастембеков — ТЖМ аға офицері Жаңыл Үмбетиярова — әуежай басқарма төрағасы Ксения Черепанова — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы:

Фото: ҚР Үкіметі Талғат Ластаев — көлік вице-министрі; Болысхан Нұғыманов — ҰҚК Шекара қызметі бөлім басшысы; Биниш Тандаямпарамбат — «Эйр Астана» АҚ менеджері; Белла Тормышева — «Эйр Астана» АҚ вице-президенті. Фото: ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты: Талғат Шаймарданов — ҰҚК Шекара қызметі офицері; Сарвиноз Эрматбаева — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігі. Фото: ҚР Үкіметі

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмысы аяқталғанын мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью